Жиі қойылатын сұрақтар
Ең жиі келетін сұрақтар мен жауаптар. Іздегеніңізді таппасаңыз — жазыңыз.
Шақыру керек еді
Бізде сайт-конструктор. Қолданушы өзі кіріп, жасап алады.
Сайт: https://shakyrtu.kz
Видео нұсқаулық: https://www.instagram.com/reel/DaSiuj0ibY9/?igsh=djFuaWV4MWJqZXp3
Қонақтар тізімін қалай аламын?
Сайтта «Менің шақыртуларым» дегенге кірсеңіз, «Қонақтар» және «Тілектер» деген батырмалар болады.
Телеграм бот арқылы тіркелген болсаңыз, жауаптар ботқа келіп отырады. Ботта тізім алу үшін: меню → «Менің сайттарым» → сайтты таңдайсыз → «Қонақтар».
Шақыруды қалай өзгертемін?
«Менің шақыртуларым» деген бетте «Өзгерту» батырмасын басып, өзгерте аласыз.
Сайт қанша уақыт белсенді болады?
Сайттың сақталу мерзімі — 6 ай. Өзгерту мерзімі — 2 ай.
5000₸ бен 3000₸ тұратын шақырулардың айырмашылығы неде?
Тек дизайн жағынан айырмашылық. Мүмкіндіктері бірдей — басқа айырмашылық жоқ.
Сайт өзі төмен жылжитын болу үшін не істеу керек?
Сайтта «Автоскролл» деген батырма бар. Сол қосулы болса, сайт өзі төмен қарай жылжиды.
Бірақ ескеріңіз: браузер шектеуіне байланысты автоскролл кезінде музыка өздігінен ойнатылмайды. Өзі ойнауы үшін конверт қосыңыз.
Неге музыка өздігінен қосылмайды?
Браузер шектеуіне байланысты музыка өздігінен қосыла алмайды — ол бірінші жанасудан (касание) кейін ғана ойнатылады.
Егер бірден ойнағанын қаласаңыз, конверт қосыңыз.
Сілтеменің фотосы/превью неге шықпай жатыр?
Егер сілтеменің фотосы шықпай жатса
Осы настройканы тексеріп жіберіңіз

Жалпы, сілтемені қойған кезде, бірден жібермей, 2-3 секунд күтсеңіз, фотосы шығуы керек
Сайтты төлемей қалып едім, қалпына келтіруге бола ма?
Иә, болады. Ол үшін WhatsApp-қа жазыңыз.